close

Сурет салғым келмейді...

: 7046

( 3.34 )
Автор: Марат Қабанбаев

Күн батуға тақау апақ-сапақ шақ. Жаңбыр жауып өтіпті. Салқын да саф ауа... Балаусаның таза иісі танау жарады. Алыстағы таулар нөсер жуып өткен бе, ағы ақ, көгі көк. Ап-айқын болып бермен жылжып, жақындай түскен, сірә. Шың, шоқылардың басына қызыл бауыр бұлт байланыпты.