Дәл осы түбірден туатын «сулх» сөзі адамдардың арасын жарастырып, жауластықты ынтымаққа айналдыру дегенді білдіреді. Құран адамның өзіне де, өзгеге де пайдалы болатын істеріне «салиқалы амал» деген атау береді.
⠀
☢️«Салих амал» тіркесі Құранның 56 жерінде иманмен қосақтала айтылып, иманның практикалық нәтижесі ретінде көрсетіледі.
⠀
☢️Ислах – Құдай тағаланың қойған заңдылығы. Себебі, Жаратушы дүниені бір рет жаратып тастап қойған жоқ, ол әрдайым жаңа нәрсе жаратып тұратын – әл-Халлақ. Ол сәт сайын жаңадан жаратады және жаратқандарын тастап қоймайды (55/29). Міне, иләһи заңдылық осылай болады.
⠀
☢️Адам баласы жер бетіне халифа ретінде таңдалды. Халифа өзіне аманат етілген жер бетін гүлдендіре де алады, астаң-кестең етіп бүлдіре де алады. Адамның сынағы – осы. Адам осы жауапкершілігі үшін есепке тартылады.
⠀
☢️Адамды түзету мен жақсартудың (ислах) өзегі ету үшін ақыл, ерік, ождан деген дүниелер өз табиғатынан айнымай дұрыс жұмыс істеуі керек. Оның үшін бұл үшеуін қолданудың нұсқаулығы мен оны биік дәрежеде қолданған идеалдар қажет. Ол уахи мен пайғамбарлар. Уахи – адам баласын ислах жаршысы ету үшін түсті. Расул – ислахты қалай жасау қажеттігін көрсету үшін келді.
⠀
☢️Бұған мынадай мысал берейік. Әзіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбар алдынан кездескен нәрселерді түзетуші, жақсартушы, бүтіндеуші тұлға. Оның пайғамбар ретінде жіберілу мақсаты – ислах еді. Себебі, Мекке мүшріктері әзіреті Ибраһим әкелген дінді мейлінше бұзған еді. Дәл осындай мысалды һижреттен кейінгі кезеңнен де көреміз. Христиандар мен яһудилер әзіреті Мұса мен әзіреті Исаның әкелген исламын барынша бұрмалаған-ды.
Мекке мүшріктері Ибраһим аләйһиссаламның исламын қалай бұзды?
– Бізді Аллаға жақындатсын деп Құдайға серік қосты (39/3);
– Өздерінің қателіктерін ақтауда тағдырды бетперде етті (6/148);
– Негізгі мақсатқа жетуге септесетін құлшылықты негізгі мақсат етіп алды («Мағун» сүресі);
– Пайғамбарлардан мұғжиза көрсетуді бас-аяғы жоқ талап ете берді (17/90-93)
– Сөзді ойнатып адамдарды туралықтан тайдыруға тырысатын (3/6).
Ақыретке сенетін Құдайдан үміті бар пенде жүрген жерінде айналасын мейлінше ізгілердіріп, қиюы кеткен дүние көрсе қолынан келгенше түзеп жүреді.