close
blog images

"ӘНДІ СҮЙСЕҢ МЕНШЕ СҮЙ"

( 0 )
?Мына әлемнің заңдылықтары, үндестігі мен саналуандығы өз алдына бір әуез іспетті. Сарқырап аққан судың сыңғыры, жаңбырлы күні аспанның күркірегені, дауылды желдің соққаны, салқын самалдың ескені, найзағайдың жарқылы мұның бәрі өз алдына бір әуен. Ал бұған бұлбұл, тоты сынды құстардың сайрағанын қоссаңыз не деген композиция десеңізші.

?Осындай «музыкаға» кімнің болмасын жаны құштар болатыны сөзсіз. Біз де осы алып дүниенің бір бөлігі болып жаратылғандықтан ішкі әлеміміз осынау табиғатқа жақын. Оның әсемдігі мен көркіне көзіміз тоймайды. Оның үйлесімінен туған ырғаққа жан-тәнімізбен құштармыз. Оның табиғи сазына үнемі құмартып тұрамыз. Бұл әуен түрлерін өзге нәрсемен тіпті салыстыруға келмейді. Оның басты ерекшелігі – шынайылығы, табиғилығы.

?«Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңідің өсері бар.
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын», – деп хакім Абай жырлағандай музыканың, оның ішінде әннің пайдалысы мен зияндысы да бар.

?Әр нәрсенің өзіндік өлшемі болатыны секілді, музыка тыңдаудың да өзіндік өлшемдері бар. Оның мәні мен мазмұнына, жан-дүниемізге тигізер оң ықпалына қарай таңдаған дұрыс. Көңілді толқытып, ішкі әлемімізді сергітіп, сезімді оятатын әуен-күй мен жайлы сазға не жетсін десеңізші!

?Ал адамды есіртетін, тіпті кейбір нерв клеткаларын өлтіріп, оны зақымдайтын дыңғыры басым музыкаға қызығып елеңдей бермеген жөн...