close
blog images

МҰХАММЕД ДЕГЕН ЕСІМ БАЛАҒА АУЫР ЕМЕС ПЕ?

( 5 )
♻️Сәбидің атын «Мұхаммед» деп қоюға болады. Бұл аттың ауырлығы жөнінде нақты ғылыми дерек жоқ. Қайта Пайғамбарымыз (с.а.с) «Абдул’узза» (Уззаның құлы деген мағына береді) сынды мағынасы жағымсыз, ислами құндылықтарға сай емес есімдерді өзгерткен кездері болған. Бұдан біз адамның есімі оның мінез-құлқына, тағдырына белгілі бір дәрежеде әсер ететінін ұғынамыз. Узза – исламға дейінгі кезеңдегі араб қоғамына әйгілі пұттың атауы. ⠀

♻️«Мұхаммед» есімімен аталған адам кем дегенде оқта-текте болсын өзінің мұсылман екендігін есіне алып жүреді. Ал, мұсылман болмаған жағдайда, бұл есім әке-шешесінің мұсылман болғанын білдіріп, исламды зерттеуіне түрткі болуы мүмкін.

♻️Әдетте мұсылмандық мәдениетте пайғамбарымыздың аты аталғанда оған міндетті түрде салауат айту қажет. Өйткені Алла елшісі: «Есімімді есіткенде маған салауат айтпаған адам – ең сараң адам» деп ескерткен. Ал өзге адамдарға қойылған бұл атты естігенде «салауат» айтудың керегі жоқ. Себебі біз қандайда бір адамды «Мұхаммед» деп атағанда пайғамбарымыздың затын меңземейміз. Ал салауатты біз пайғамбарымыздың (с.а.с) атына емес затына айтамыз.

♻️Ағашты темір деп атасақ оның құрамы темірге айналмайтыны секілді, адамға да «Мұхаммед» аты берілсе, ол да пайғамбарға айналмайтыны анық. Тек жоғарыда айтқанымыздай бұл есімнің иесі аз да болса атына сай болуға тырысады.