close
blog images

АНАНЫҢ ДҰҒАСЫ

( 0 )
?Өз заманының ең үлкен ғұламасы имам Замахшаридің бір аяғында мүкісі бар, шолақ аяқ еді. Мұның себебін сұрағандарға ол былай жауап беретін: ⠀ ?«Бала күнімде ойнап жүріп аулаған құстарымның аяғына жіп байлап, ұша бергенде оңды-солды тартып қалып қызықтайтынмын. Анам осы әрекетімді көрген сайын ескертіп құсқа қиянат етуге болмайтынын ескертетін.

?Бірде ескі әдетімше тағы бір құсты ұстап ойнап отырғанымда, аяғына байлаулы тұрған жіпті қаттырақ тартып қалып құстың аяғын сындырып алдым. Сол кезде құсқа жаны ашыды ма қайдам, анам: «Бейкүнə құстың аяғын сындырдың, Алла сенің де аяғыңды сындырсын», – деп жылап қоя берді. Осыдан көп өтпей аттан құлап, аяғымды сындырып алдым. Кейін ол гангренаға айналып, аяғымды кесуге тура келді», – дейді.

?Құранда ата-анаға тіпті «түһ» деуге де болмайтыны айтылған. Бұған қоса анасының баласына тілеген дұғасы кері қайтарылмайтыны тағы бар. Сол себепті тірі кезіңде анаңның алғысына бөленуге тырысу қажет. Аналардың ашу үстінде айтқан қарғысы да қабыл болып жатады. Мына оқиға соның бір мысалы ғана.

Пікірлер (1)

  • comment images
    22 мамыр, 2022 18:13:09

    Керемет Луина екен