close
blog images

СТРЕСТІ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛДАРЫ

( 2.67 )
▪️Өмір болған соң проблема болмай тұрмайды. Бірі бітсе, екіншісі шығады дегендей. Мұндайда адам жаны қысылады, шығар жол іздеп тыпыршиды. Кейде үміті үзілуге шақ қалып, мұндай стрестен құтылудың жолы жоқ шығар деген ойға ерік береді. Алайда адамда мұндай машақаттан құтылудың жолдары бар. Соның біріншісі – иман.

▪️Егер бағамдап қарасақ рухани тұрғыдан бай адамдардың имани деңгейі жоғары боп келеді. Себебі адамды кәміл дәрежеге иман ғана жеткізеді, тіпті адамды үстем ететін де иман. Шынайы иманға ие адам әлемді бағындыра алады, сонымен қатар болымсыз стреске итермелейтін жағдайдың бәрінен майдан қыл суырғандай жеңіл өтеді. Яғни, адам шариғаттың стандарттарын өз өміріне қай деңгейде еңгізген болса, сол дәрежеде рухы да тәні де кемелдене түседі.

▪️Себебі шынайы мұсылман ұлы мақсаттардың соңынан жүреді. Бейне бір сахабалық рухпен қуаттанғандай. Ондай адамның өзгелерге зиян келтіруі былай тұрсын, Алла разылығы үшін маңайындағы адамдарға жақсылық жасаудан шаршамайтын, ізгіліктің қайнары әрі символы болып кетеді.

▪️Шынайы мұсылман өткінші, пәни дүниеге құштар болмайды. Бар қабілеті мен сезімдерін шариғат сызып берген шеңберде қолдануға тырысады. Себебі адал нәрсенің шеңбері нәпсіміз бен рухымыз қанағат табатындай кең, арамға жақындауға қажеттілік жоқ екенін түсіну қиын емес. Қысқаша қайырсақ мұсылман адам мына дүниені ләззәт алатын, сый-сиапат күтетін мекен емесін мойындайды, біледі. Оған бұл дүние мәңгілік өмір алдында құрылған күту залы немесе аялдама іспетті болады.

▪️Міне, осындай құндылықпен өмір сүретін адамды дүниедегі ең бақытты жандардың бірі деуге болады. Ішкі дүниесі тыныштық тапқан, жүзі әрдайым жадыраңқы, шынайы құндылықпен өмір сүретін адамға стрес жоламайтыны анық.

▪️Себебі, ол тәуекелдің сырын дұрыс ұғынған. Жағдайы қатты қиын болса да мұсылман адам дініне ықтият болады. Иманына зиян келтіретін қалауын жеңеді. Әлеуметтік жағдай да оны сүннет жолынан тайдыра алмайды, тіпті де әсер етпейді. Қандай да болсын қысым немесе келеңсіз жағдай туындаса да алғашқы сүйенері сабыр болмақ (2/155).

▪️Сабыр – иман мен ерік-қалаудың шамшырағы. Адам басына келетін қандай да оқиға болса, рухани ақсауының алдын алатын жалғыз нәрсе ол – сабыр. Ал мұның да қайнары – иман.