close
blog images

ҚҰРБАНДЫҚ

( 5 )
?Құрбан – Аллаға жақындау мақсатында жасалатын құлшылықтардың ең айрықшасы. Өйткені ол тек сөзбен ғана айтылып қоймай іспен көрсетілетін амал. Әрі шалған құрбанына қарай да пенде өзінің қаншалықты Жаратушыға жақын екенін байқатады.

?Кез келген құлшылық секілді құрбан шалудың көптеген хикметтері бар. Солардың тек бір-екеуіне ғана тоқталсақ.
Құрандағы және құрбан шалуға қатысты басқа кітаптарда кездесетін оқиғаларға үңілетін болсақ, құрбанның қабыл болуында бір жанның аман қалуы баяндалса, қабыл болмауы және шалынбаған жағдайда онымен бірге бір өлімнің бірге жүретінін байқаймыз.

?Мысалы: әзіреті Адам пайғамбардың екі ұлының шалған құрбандығында бірінікі қабыл болуымен бірге бауыры аман қалады, екіншісінің қабыл болмаған құрбандығының өтемі ретінде бауыры өлім құшады. Бұдан біз тек өзіміздің қара басымыз үшін ғана емес, бауырларымыздың амандығы үшін де құрбан шалуды мақсат етуіміз керектігін түсінеміз.

?Ел-жұртымыздың болашағы үшін де көптеп құрбан шалынбаса, жұқпалы аурулардың құрығынан құтыла алмай көптеген азаматтарымыздан айырылып қалуымыз ықтимал.

?Екінші бір оқиғаға келетін болсақ, әзіреті Жүсіп пайғамбардың бауырлары оны өлтіру мақсатында жолға шыққанымен саналы түрде болмаса да шалынған бір құрбандықтың себебінен әзіреті Жүсіп аман қалады. Мүмкін көйлекке жағылатын қан таппағанда бұл қан әзіреті Пайғамбардың өзінен алынбайтынына кім кепіл. Олар құрбан мақсатында қалмаса да оның орнына тек бір қан үшін құрбан етілгені айқын.

?Осы секілді оқиғалардың көбінде өліммен құрбанның бірге жүретінін анық байқауға болады.
(Екінші хикметін келер аптада айтамыз...)