close
blog images

ЫҚЫЛАС

( 5 )
?️Әр нәрсенің сәнін келтіріп, көркін ашып тұратын элементі болады. Сол секілді дүниенің көркі – адам. Адамсыз мына әлемнің мәні жоқ. Адамсыз төрт мезгілдің алма-кезек ауысып тұруының маңызы қалмайды. Өйткені адамнан басқа жаратылыстар бұл құбылыстардың парқына бармайды.

?️Ал адамның көркі – ілім. Ілімсіз адамның құны төмен, адам ілімсіз адам атына лайық бола алмайды. Өйткені білімсіз адамның хайуаннан айырмашылығы қалмайды. Үсті-басын, сыртқы пішінін қаншалықты сәндегенімен, ол адамның ішкі дүниесін, яғни негізін өзгертпейді.

?️Енді дәл сол секілді ілімнің де көркі болады. Ол – амал. Амал жасалмаған ілім жетім. Қолданылмаған дүние сияқты белгілі уақыттан кейін адамның өзіне зиянды болуы әбден мүмкін. Ал амал жасалған уақыт өткен сайын көркейе түседі. Сол үшін әрбір қол жеткізілген білімнің талабы болады. Егер адам білімге құштар болып, оны дереу іске асырса, оны биіктерге шығарары сөзсіз.

?️Ал амалдың көркі – ықылас. Өйткені әрбір жасалған амалдың бәрі бір деңгейде болмайды. Ішінде тек ықыласпен жасалғандары ғана жоғары дәрежеге ие болады. Кейбір амалдар ықылассыз жасалған күннің өзінде не адамға, не өзгелерге пайда тигізіп жатады. Ал ықыласпен жасалған амалдардың кемшілігі болған күннің өзінде иесіне зияны болмайды. Тек сауабын алады.