close
blog images

ТӘКАППАРЛЫҚ

( 4 )
▪️Адам бойындағы ең ұсқынсыз қасиеттің бірі – тәкаппарлық. Бұл кісіні Жаратушының құзырында да, адамдар арасында да жағымсыз көрсететін мінез. Бойында тәкаппарлығы бар адам жүрген жерінде жан баласына жуыспайды, айналасына сүйкімсіз болады.

▪️Көбіне біз паңданып, астамсып сөйлегенді, әдемі киініп, басын тік ұстағанды, өзін сенімді ұстағанның барлығын бөліп жатпастан такаппарлыққа жатқызып жатамыз.

▪️Шынында тақаппарлық дегеніміз не осы? Ардақты пайғамбарымыз бұл жаман қасиетті екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеген: «Такаппарлық – өзгені өзіңнен қор санау, ақиқатқа иілмеу».

▪️Иа, біз кейде бойымызды тәкаппарлықтан алыс ұстаймыз деп жасықтыққа, ынжықтыққа немесе өзімізге деген сенімнен айырылып қалып жатамыз. Бұлардың арасындағы нәзік шекараны сақтауға тырысу керек.