close
blog images

Пәтуә – Алланың үкімі

( 5 )
?Пәтуә – Алланың үкімі. Ал «муфти» сөзі Алланың үкімін Алланың атынан мұсылмандарға айтушы деген мағынаға келеді. Пәтуә беру оңай іс емес, қандайда бір іс-әрекетте, жаңадан туындаған көптеген мәселелерде үкім айту бұл осы мәселеге шариғаттың не дейтінін жеткізу деген сөз. Бір әлсіз хадисте «Пәтуә беруге асыққандарың тозаққа асыққандарың» делінген. Бұл хадис осы істің ауыр екенін аңғартады.

?Мысалы, мидицинаға тіпті оның бір бағытына қатысты пәтуә беру немесе азықтың адалдығына қатысты сөз сөйлеу химия, биология секілді бірнеше саланың мамандарының өзара кеңесіне мұқтаж. Дәл сол секілді қаржы операцияларына қатысты пәтуә қаржыгер, заңгер секілді мамандардың сапалы кеңесіне зәру.

?Олай болса бүгінгі таңда пәтуә беру ісіне бірнеше саланың мамандарының қатысуымен болған алқада, бір ғалым емес ғұламалар кеңесінің отырысында анықталатын дүние.
Алла әр саланың ғұламаларын туралықтан тайдырмай, айтқан сөздері шариғаттың рухына сай болуын нәсіп етсін.