close
blog images

ТАМАҚТЫ ҮРЛЕМЕ

( 3 )
?Ыстық тамаққа үрлемеген абзал Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, екі дүние сардары Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләмның өмірі толған ғибрат, өнеге. Ибн Аббастан жеткен бір хадисте: «Алла елшісі саллаллаһу аләйһи уә сәлләм тамаққа және сусынға үрлеуден тыйды», – деген. Хадиске медицина тұрғысынан қарап көрсек:

?Адам ағзасында көзге көрінбейтін зиянды микробтармен күресетін пайдалы бактериялар бар. Оның біразы адамның жұтқыншағында орналасқан. Адам ыстық тамаққа үрлегенде әлгі ағзадағы пайдалы бактериялар ыстық асқа түсіп, бумен араласады.

?Соның нәтижесінде әлгі пайдалы бактериялар зиянды бактерияларға айналып, аспен бірге асқазанға қайта түседі. Соның салдарынан адамда гастрит, язва сияқты асқазан жаралары пайда болуы ықтимал. Ия, 14 ғасыр бұрын айтылған хадистің мәнісін ғалымдар енді ғана тауып отыр. Бұған таң қалмау мүмкін емес.