close
blog images

БОСАҢСЫМА!

( 3.57 )
?Баяғыда бір ұстазымыз айтқан еді «Бір істі бастаған адамның бағасы – ол істі қалай аяқтағанмен өлшенеді» деп. Ал Абайдың өлшеміне салсақ: «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша аяқтағанымен емес». Демек, осы екі философиялық ойды ұштастыратын болсақ, мынадай қағида шығады:

«Істі әдемі бастап, әдемі аяқтау қажет!» Бұл қағиданы негізгі өмірлік принциптің біріне айналдыра білсеңіз – сапаға көңіл бөлуді қалыптастырады. Мұны айтып отырған себебіміз – көп адам бір істі бастаған кезде керемет ынтамен бастайды. Бірақ бір аптадан кейін немесе әлгі істің орта тұстарына келгенде алғашқы күндердегі ынтасы әлсіреп, бұрынғы бейғам жағдайына ығыса түседі. Мұның алдын алу үшін не істеу керек? Сіздермен өз тәжірибемізбен бөлісе кетейік.

?Ол үшін мына принциптерді қолданыңыз!

1️⃣ Қолда бар нәрсенің шынайы құндылығын көре білу принципі.
Ол үшін – бір сәт үнсіз отырып, терең дем алыңыз! Одан кейін өзіңізге берілген барлық нығмет үшін Аллаға шынайы бір шүкір етіңізші! Жан дүниеңіз рахаттанып қалсын! Одан кейін осы күнге жеткізіп, осындай істі қолға алуға мүмкіндік бергені үшін Аллаға тағы бір мәрте шүкір етіңіз! Бұлай жасау арқылы қолға алған ісіңіздің өзіңіз үшін үлкен мүмкіндік екенін көкейіңізге түйіп, жан дүниеңізбен сезіне түсесіз. Осы сезімдер арқылы мидағы нейрондарға сигнал барып, сіз өзіңізді психололгиялық тұрғыдан ол істі әдемі бастап, әдемі аяқтауға дайындайсыз. Одан кейін айнаға қарап өзіңізге: «Мен бұл істі соңына дейін салиқалы амалдармен, көп құлшылықпен, пайдалы істермен өткіземін!» – деп уәде беріңіз. «Тырысамын!» деген сөзді қолданбаңыз. Мұнымен сіз өзіңізді алдайсыз. Өзіңізге нақты уәде беріңіз. Егер уәде орындалмай жатса, айнаға қараған сайын өзіңізден ұялыңыз. Ұялмасаңыз, демек өзіңізден ұялуды әлі үйренбеген адамсыз.

2️⃣ Бастаған ісіңізді аяқтау сәтін алдын ала сезіну немесе дәл осы сәтті бағалау принципі!
Мәселен, сіз өзіңізге өте қымбат адаммен бір сағатқа жолықтыңыз делік. Бір сағаттан кейін қош айтысатыныңызды алдын ала сезіп, біліп тұрсыз. Не істейсіз? Сол бір сағаттық сәтті, мәнді де мазмұнды, тиімді пайдалануға тырысасыз ғой?! Олай болса, қолға алған ісіңіз де сізге уақытша қонақ. Бітеді де қалады. Ендеше жанымызда аз ғана болатын қадірлі қонаққа жақсылап құрмет көрсетейік! Сол себепті осы бір сәттерді ұтымды пайдалану қажет екенін бір сәтке де көкейіңізден шығармаңыз. Таңертең ұйқыдан оянғанда өзіңізге: «Бүгін мен үшін жаңа өмір, жаңа мүмкіндіктер» деп, рухани күш беріңіз.

3️⃣ Мэл Роббинстің «Правила 5 секунд» принципін жүзеге асыруға кеңес беремін!
Нәпсі көп жағдайда жалқаулыққа беріліп, қиын жұмыстарды орындағысы келмейді. Дәлірек айтсақ, жасалуы тиіс істі бастауды қаламайды. Егер осындайға тап болып жатсаңыз жоғарыда айтылған «Правила 5 секунд» принципін қолданыңыз. Бұл принцип – 5 тен 1 ге дейін керісінше санау принципі. Бір сөзбен айтқанда сіздің «СТАРТ»-қа дайындығыңыз. Егер бір нәрсені жасауға ерініп тұрсаңыз, өзіңізді бәйгеге шапқалы тұрған сәйгүлік деп елестетіңіз де, 5 тен 1 ге дейін санап, көзді жұмып, ісіңізге кірісіп кетіңіз. Ең бастысы бастап кету, яғни «СТАРТ» керек. «Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, сосын тастау қиын» демекші, істі қалай бітіріп тастағаныңызды аңғармай да қаласыз. Жазба пайдалы болса, достарыңызбен бөлісіп, лүпілдетіп, төменге комменттарий қалдыра кетіңіз!!!