close
blog images

Жастық шақ

( 3.5 )
?Адам өмірінің әр кезеңі өзінше мәнге ие. Әр кезеңнің өзіне тән қызығы мен қиындығы бар. Соның ішінде жастық шақтың орны ерекше. Жалпы өмірдің ең маңызды әрі қызыққа толы кезі – жастық шақ. Себебі жастық шақта үйренген білім мен жинаған тәжірибе тасқа қашалған жазу іспетті. Оңайлықпен ұмытылмайды.

?Құлшылықта да жастық шақтың орны ерекше. Ана дүниедегі сұрақ-жауапта адам тұтас өмірі үшін жауап береді, бірақ жастық шақтан бөлек сұралады. Жастық шақты қандай мақсатта, қалай қолданды деген сұрақ қойылады.
Тарихтан белгілі, негізінде адам өз өміріндегі ең маңызды істерді осы жастық шақта атқарады.

?Қоғамға пайдалы қандайда бір істі өмірдің осы кезеңінде жасайды. Содан болса керек қазақ «Отызында орда бұзбаған, қырықта қамал алмайды» дейді. Мәселен, Ыбырай Алтынсарин бар болғаны 23 жасында мектеп ашқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жыл өмір сүрді. Бірақ артына қандай мұра қалдырып кетті?! Құрметті оқырман, осы тектес мысалдарды комментте бірге жалғастырып көрейік. Тек қазақ тарихынан емес, әлем тарихындағы осылай жастық шағында елеулі істер атқарған тұлғаларды төменге жазыңыздар. Өзіңіз білетін құнды ақпаратты елмен бөлісіңіз.
Ал, мархабат...

Пікірлер (2)

  • comment images
    16 сәуір, 2022 21:51:05

    Менің ойымша бұл дұрыс.Неге дейтін шығарсыздар? Алайда жастық шақтың оты есімізде мәңгі қалады.

  • comment images
    7 сәуір, 2022 19:22:37

    Дұрыс