close
blog images

Әлемді мейірім құтқарады

( 3.57 )
?Сахаба Әбу Дәрданың (р.а) Шам өлкесінде қазылық міндетін атқарып жүрген кезі еді. Бірде ол халықтың күнәһар бір адамды тілдеп, балағаттап жатқанын құлағы шалып, олардан:

– Сендер құдыққа құлаған адамды көрсеңдер не істер едіңдер? – деп сұрайды. Олар:
– Арқан тастап немесе басқа да бір амалын жасап, оны ол жерден шығарып алуға тырысар едік, – дейді. Сонда Әбу Дәрда (р.а):

– Олай болса «күнә құдығына» түскен мына адамға неге демеу болуды ойламайсыңдар? – деп сұрайды. Олар таң қалып:
– Сен бұл күнәһарды дұшпан деп санасайсың ба? – дейді.
Сонда Әбу Дәрда (р.а):
– Мен оның өзіне емес, күнәсына дұшпанмын, – деген екен.

?Адам баласы жер бетіндегі тіршілік атаулының ішіндегі ең құрметтісі, көркем жаратылыс. Алайда көп жағдайда мұны ескере бермейміз. Қателік немесе күнә жасаған адамды көрсек, оны төмен санап, кемсітіп жататын кездер көп болады. Жоғарыдағы оқиғада айтылғандай, жалпы адам баласын жек көрмеуіміз керек. Керісінше, оның сол жасап жатқан теріс қылығын жек көріп, оған сол ісінен арылуына қолдан келгенше көмектескеніміз дұрыс.

?Мысалы, сіз өзіңіздің досыңызды шаққалы тұрған зиянды жәндікті көрсеңіз, оны алып тастауға тырысасыз ғой. Сол секілді, адам бойындағы жаман қасиеттерден дер кезінде арылмаса, ол оның денесінде тамыр жайып, түбінде адамды зиянға ұшыратуы мүмкін.