close
blog images

Уақыт – ең қымбат капитал

( 5 )
?Жаратушының адам баласына берген нығметтерін санап тауысу әсте мүмкін емес. Сол нығметтердің ішіндегі ең айрықшасы – уақыт.

?Уақыт орны толмайтын, қайта келмейтін нығмет. Бірақ біздің өмірімізде мынадай парадокс бар. Кейде уақытымызды өткізе алмай, күнімізді аяқтай алмай кетеміз. Ал қарап отырсаңыз сол өткізе алмаған уақыттарымыз өміріміздің бір бөлшегі. Сол секілді жас балалар тезірек есеюді армандаса, ересектер өткен шағын аңсап жүреді. Сөйтіп сағым қуып жүреді. Адам баласының қалауы бітпейді.

?Ең дұрысы дәл осы шақты бағалап, осы шақтың қадіріне жету. Соны тиімді пайдалану. Болашақты ойлап, шамадан тыс уайымға берілу, өткен шақты еске алып, қайғыру адамның энергиясын босқа кетіреді.