close
blog images

Бәрі де адам үшін

( 0 )
Айналамыздағы табиғатқа қарасақ, барлық жанды-жансыз тіршілік иелері адамға қызмет етуде. Тұтас тіршіліктің ортасында адам тұр. Тіпті кейбір жәндіктер адамға қызмет ету жолында өз өмірін құрбан етеді.

Жалпы жаратылысты бірнеше топқа бөліп қарастыратын болсақ, төмен деңгейдегі жаратылыс өзінен жоғары тұрған жаратылысқа қызмет ететінін аңғарамыз. Мысалы күн, тау, су және топырақ секілді жансыз жаратылыстар өзінен сәл жоғары тұрған табиғатқа қызмет етуде. Айналып келгенде күллі жаратылысты Құдай тағала адамның игілігі үшін жаратқанын байқау қиын емес. Топырақ нәрін беріп, күн жылуын сыйлап, жеміс ағашы жемісін ұсынып, жан-жануар аузына тосып жатыр.

Өсімдіктер жануарларға азық болуға жарап жатыр. Жан-жануар әлемі де өзінен төменге емес, үстем жаратылған адамзатқа қызмет етіп жатыр. Себебі, адам – жаратылыстың төресі.

Міне, осы логикамен қарасақ, енді адам да өзіне тиесілі қызметті жасауы керек деген қорытынды жасауға болады. Ол осыншама нығметті үйіп-төгіп, өзін махаббатпен жаратқан Жаратушысына алғыс айтып, шүкір ету. Адамдықтың борышын өтеу. Құдай жолында қоғамға қызмет ету.