close
blog images

Жаман әдеттерден қалай құтыламыз?

( 4.67 )
Әр адамдардың өзінің жаман әдеттері болады. Көбінісі онымен күресу тұрмақ, жаман әдеттерінің бар екенін де білмейді. Жаман әдеттер сіздің үлкен жүгіңіз, себебі сіз оған көп уақыт, қаражат, денсаулық құртасыз. Ең алдымен өзіңіздің барлық жаман әдеттеріңізді анықтап алыңыз. Ал онымен күресу үшін біз сізге бірнеше қадам көрсетеміз:

 

1) Тек бір ғана әдетіңізді өзгертіңіз.

Кейде сіздің жаман әдеттерге толы болып көрінуі мүмкін. Содан соң барлығын қолыңызға алғыңыз келеді, сіз біраз уақыт шыдайсыз. Одан “бір рет” ол саналмайды деп сіз барлығын басынан бастайсыз.

 

Сіз өміріңізді бір күнде өте ауқымды өтгерткен кезде сізге ауыр тиеді. Бір нәрсе жоспардан шығып кетсе, сіздің қалған жоспарларыңыз да құлдырайды. Сол себепті өміріңізді лезде түбегейлі түрде өзгертпеңіз. Алдымен тек бір жаман әдетіңізден құтылыңыз. Солай айына бір жаман әдеттен құтылуға тырысыңыз.

 

2) Бірден тоқтатпай, барлығын санаңыз.

Жаман әдеттерді түбімен тоқтатуға тырыспай, тұрақтылыққа тырысыңыз. Мысалғы, темекі шегуді бір күнде тастай алмайсыз, оны тастау үшін сіз біртіндеп шегетін темекі санын азайта беруіңіз керек, сол себепті есеп жүргізіңіз.

 

3) Өзіңізді емес, ортаңызды өзгертіңіз.

Сіздің жаман әдеттеріңіздің басы қазіргі ортаңыз болуы мүмкін. Барлығы темекі шегетін ортада сіз темекіні қоя алмайсыз. Өз ортаңызға анализ жасаңыз, егер ол жаман әдеттеріңізге итермелесе ортадан алшақтаңыз.

 

4) Жаман әдетті жоймаңыз, оны алмастырыңыз

Жаман әдеттеріңізбен күресу жеңіл болады, егер ол әдеттерді басқа істермен немесе әдеттермен алмастырыңыз. “Алмастыру” белгілі психологтардың кеңесі болып табылады.

 

5) Өзіңізді кешіре біліңіз.

Егер өзіңізді қолыңызда ұстай алмай, жаман әдетіңізге оралсаңыз, өзіңізді кінәламай барлығын ұмытып, басынан бастаңыз. Өзіңізді-өзіңіз түсіре бермеңіз.

 

 

Пікірлер (1)

  • comment images
    15 маусым, 2022 23:48:50

    Өте керемет. Пайдасы тиеді деген оидамын !!! 🥰🥰🥰