close
blog images

ҚЫЗҒАНЫШТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

( 0 )
?Қызғаныштан арылу оңай шаруа емес. Дегенмен бұл рухани дертті емдеу керек. Себебі тамыры тереңге кетіп, асқынса небір түрлі қастандықты тудырып, ұзаққа созылатын дұшпандыққа ұласады. Енді мұны емдеудің кейбір тәсілдерін ұсынып көрейік: ⠀ ?Адам қызғаныштың рух пен тәнге, денсаулыққа тигізер зиянын жиі есіне алып, ой таразысына салса одан арыла бастауы ықтимал.

?Құдай тағаланың өзіне берген нығметтерін ойша санамалап, ол жайлы жиі пікір жүргізсе, шүкірі көбейе бастайды. Шүкірі артқан пенденің шағымы азаяды. Кісінің қолындағы нығметке көз алартуын қояды.

?Өзгелердің қол жеткізген дәрежесі мен байлығына қызығушылық оянғанда, олардың сол дәрежеге қалай жеткенін зерттеу қажет. Қандай принциптермен өмір сүріп, қаншалықты еңбек етті?! Қандай тәсілмен сондай байлыққа немесе мансапқа қол жеткізуге болады?! Назарды соған бұру керек. Себебі әр нәрсенің өзіне тән жөн-жосығы, Құдай қойған заңдылығы болады. Соны меңгеру керек.

?Баянсыз дүниедегі түкке тұрғысыз заттарға ессіз құмартып, ол менде ғана болсын, өзгелерде болмасын деу Құдайдан үміті бар мұсылманға жараспайтын әрекет.

?Қызғанышын жеңе алмаса да, ең кемі оны сыртқа шығармай, өзін бақылауда ұстауы тиіс. Өзге адамдармен қарым-қатынаста әдеп сақтау маңызды.

?Өзгелердің қолындағы нығметті санамалап, сыр тексеру мүмин адамға жараспайтын қылық. Адам баға жетпес энергиясы мен қабілет-қарымын өзгелердің мал-мүлкін санауға емес, өзінің алға жылжуына жұмсағаны абзал.

?Біздің ойымыздағы тәсілдер осылар. Тақырыпқа сіздің де алып-қосарыңыз болса, мархабат.

?Бір нәрсені мойындауымыз керек. Қызғаныш барлық адамда бар сезім. Кейбірі оны жеңе алмайды, кейбірі оны қалай да еңсереді. Сіздер қызғанышты қалай жеңесіздер? Өз тәжірибелеріңізбен бөлісе отырыңыздар.