close
blog images

ЖОҒАЛҒАНДАР

( 0 )
♻️Бір күні ол тыныс белгілерінен «үтірді» жоғалтып алды. Ендігіде ол ұзақ сөйлеуден қашып, ойын қарапайым, қысқа сөйлемдермен ғана жеткізетін болды. Сөйлемдердің қысқарғаны сол, енді ақылы да қысқара бастады.

♻️Тағы бір күні ол «леп» белгісін жоғалтты. Енді сөйлеу барысында даусын өзгертуден қалып, тек бір сарында сөйлейтін болды. Бұдан былай ол ештеңеге қуанып, не ештеңеге қапа болмайды. Осылайша, ештеңеден әсерленбейтін халге жетті.

♻️Тағы бірде сұрақ белгісін де жоғалтты. Бұдан кейін ол сұрақ қоюдан да қалды. Енді оған қоршаған орта да, кәсібі де, жалпы дүниеде еш нәрсе қызық емес еді.

♻️Тағы біраз уақыттан кейін бұл адамның лебізінен қос нүкте де жоғалды. Ендігі жерде ол істеген істерінің себебін әлдебіреуге түсіндіруден бас тартатын болды.

♻️Өмірінің соңына жақындағанда бұл бейбақтың қолында тек тырнақша ғана қалған еді. Өзіне тән ойы жоқ, тек біреудің ойын қайталаумен ғана болатын.

♻️Ақырында өмірден орнын таппай, ұмыт болған адамға айналды.