close
blog images

ТӘУӘССУЛ-2

( 5 )
?Өткен жолғы жазбамызда біз тәуәссулдің жоқ болу жағын қарастырған болатынбыз. Енді мұның бізге көріне бермейтін, жасырын жағын ашуға тырысып көрейік. ⠀ ?Ең әуелі адам баласы Құран Кәрімнің адамзаттың құтылуына себепкер болу жағын жоққа шығара ала ма? Құран болмаса адам баласы ақиқатқа қалай қол жеткізер еді?

?Екіншіден, миғраж секілді Хақ құзырындағы дәрежеге көтерілсе де «Үмбетім, үмбетім» деп қамкөңілдік жасаған Пайғамбарымыздың себепкерлігін қайтіп жоққа шығарамыз? Құрандағы «Біз сені күллі әлемге теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік» (21:107) деген аятта көрсетілген ақиқатты қайда қоямыз? Жәннатқа апарар жолды бізге ол белгілеп бермесе, қалай табар едік?

?Сахабалар сол себепті де онымен байланысты жәдігерлерді қастерлеп, мұқият сақтаған еді ғой! Тіпті дәрет алған кезде аққан суға қолдарын тосып, ол суды жүздеріне жаққан сахабалар бар еді! Егер олардың бұл әрекеті ширк болғанда, бұған ең әуелі Пайғамбарымыз тиым салар еді.

?Ал Пайғамбарымыздан кейінгі замандарда қуаңшылық жәйлап немесе қоғамға қандайда бір қауіп төніп тұрған кездерде Пайғамбарымыздың отбасын немесе оған ең жақын адамдарды себепкер етіп, дұғаларына қатысуын сұрайтын. Бұлар туралы пайғамбарымыз «Қайсыбірінің соңынан ерсеңдер құтыласыңдар» дейтін-ді.

?Қортындылайтын болсақ себепкер ретінде нені қолдансақ та, бұларды негізгі құтқарушы ретінде көріп кетпейінше, оның адам баласына зияны жоқ. Дәріне себеп ретінде қажет кезде қолданамыз, бірақ, шипаны беруші Жаратушы екенін ұмытпаймыз. Бұл жерде керісінше себепкер ретінде дәріні қолданбай шипаны тек Жартушыдан күту, бұл құлдық түсініктен шығудың негізгі көрінісі болса керек.