close
blog images

МАҚСАТЫҢНАН АЙНЫМА!

( 3.67 )
? Адамның өмір салты оның ниеті мен пікір-пайымынан алыс кетпейді. «Алма алма ағашынан алысқа түспейді» деген шығыс даналығы соны меңзесе керек. Ниеті мен пікірі қаншалықты биік әрі таза болса, адамның дәрежесі де соған сай биік болады.

?Қазақта «Түйе сұрасаң бие береді» деген жақсы сөз бар. Демек адам баласы өзінің жаратылысына лайықты дәрежеде ойлы, саналы ғұмыр кешуі керек. Адам деген атқа дақ түсірмеуге тырысуы қажет.

?Адам өмір атты сапарда барып тоқтайтын ақырғы нүктесін, жетуге тиіс межесін нақтылап алғаны жақсы. Себебі нақты бағыты жоқ, мақсатсыз адам су бетіндегі сабан шөп секілді судың ағынымен жүре береді. Ал нақты мақсаты бар адам алдынан кездесетін қиындықтардың астында езіліп немесе жетістіктің буына масаттанып жарты жолда қалып қоймайды. Өмірлік мақсатынан ажырап, жарым жолда қалғандардың негізгі себептеріне үңілер болсақ осы екі себептің бірі алдымыздан шығары сөзсіз.

?Кейбір адамдарға жетістік адамды мақсатынан айнытады, адамға қандайда бір зиян береді деп ойламауы мүмкін. Иә, кейде жетістік те адамға кері әсер етеді. Ерік-жігері әлсіз адамдар жеткен жетістігін көтере алмай жолдан тая бастайды. Мұндайда қазақ семіздікті тек қой көтереді дейді.

?Адам нағыз адам болу жолында тер төгуі тиіс. Тек өзінің қара басының қамы үшін өмір сүру – адам сияқты жаратылысқа жараспайтын әрекет. Тура сол сияқты тамақ пен нәпсі үшін ғана ғұмыр кешу де адамкершілікке жат.

?Сондықтан мұсылманның сүйеніші – ақиқат, мақсаты – кәмілдік пен Алла разылығы болуы керек. Бұл пікірден тайған адамның еш уақытта мұндай биік ақиқатқа жақындауы мүмкін емес.

?Жақсылық жасауға ниеті жоқ адам жақсылық жасауға мүмкіндік те таба алмайды. Ал жамандыққа ниеттеніп жүрген адам жамандыққа айналып соға береді.