close
blog images

САХАБАЛЫҚ САНА

( 0 )
?Бірде Пайғамбар саллаллаһу аләйһи уә сәлләмға «Күллі аспан әлеміндегі және жердегі барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Іштеріңдегі ниет пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сол үшін сендерді жауапқа тартады. Содан кейін қалаған пендесін кешіреді, қалағанын азаптайды. Шүбәсіз Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» деген аят түседі. Аздан соң бұл аятты естіген сахабалар бірінен соң бірі пайғамбар мешітіне жинала бастайды.

Бәрінің де реңі бозарып, абыржулы еді. Себебі аятта айтылған ақиқат бұларға ауыр тиген-ді.

?Аз ғана кідірістен кейін сахабалардың бірі үнсіздікті бұзып «Уа, Алланың елшісі! Бұған дейін намаз, ораза, садақа секілді ғибадаттарды бұйырдыңыз. Оған шамамыз келетін, ал енді мына аятты орындауға шамамыз келмейді ғой» дейді.

?Сонда Алла елшісі саллаллаһу аләйһи уә сәлләм «Сендерден бұрыңғы қауымдар секілді «Естідік те қарсы келдік» демексіңдер ме?», «Естідік те мойынсұндық» деңдер» дейді.
Сахабалар бір ауыздан «Естідік те мойынсұндық» дейді.
Іле шала Жаратушы «Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді» деген аятты түсіріп жоғарыдағы аяттың үкімін жояды.

?Бұл оқиғадан сахабалардың әрбір аятқа қаншалықты мән бергендігін көруге болады.

?Сахабаларды жабайы қоғамнан ең өркениетті қоғамға жеткізген себептердің бірі осы деуге болады.
Бізге де аят мәніне үңілуде осындай сергектікті нәсіп етсін.