Интернат наны
: 11525
( 2.71 )
Автор: Шерхан Мұртаза
Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дəу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ оқуға олақ, есі-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті – екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды.