close

Ертегілер жинағы

: 3371

( 4.06 )
Автор: Ағайынды Гриммдер

Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты. Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі. — Аманбысың, қызым? — дейді кемпір. — Жидегіңнен берші. — Мә, жеңіз, әже, — дейді қыз. Жидекті жеп болған соң, кемпір: Қарағым, «сыйға-сый, сыраға-бал» деген, сен маған жидегіңнен бердің, мен де саған бірдеңе беруім керек, — дейді. — Мә, мына бақырды ал. «Бір, екі, үш. Бақыр, піс!» — десең-ақ, тәтті, дәмді бөкпен қайнап шыға келеді. Ал сонсоң: «Бір, екі, үш. Оттан түс!» — десең, қайнауын тоқтата қояды. Қыз: — Рақмет, әже, — дейді де, бақырды алып, үйіне, шешесіне келеді. Бақырды көріп, шешесі қатты қуанады. Қуанбағанда ше? Ол ешбір әуреленбей, тұяғы қимылдамай-ақ түске тәтті, дәмді бөкпен әзір тұратын болды.