Сүдігерде изең ызыңдайды
: 8008
Бұл жинаққа қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің ұлы мектебін қалыптастырған, əдебиетіміздің алыбы, мемлекет жəне қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Айырбас», «Сүдігерде изен ызыңдайды», «Нөсер», «Қыз бен бота», «Көкемарал гүлдегенде», «Шақалақ», «Жаңбырлы той», «Сусамыр», «Дəрігердің үшінші қаруы», «Тастай берік, гүлдей нəзік» т.с.с. таңдамалы əңгімелері еніп отыр. – Жұрттың сендей баласы əуедегіні арбап, жердегіні жалмап жұлынып тұрады. Мынаның жатысын қара, ей! Манаптың баласы ма едің, ей, түске дейін ұйқысын аша алмай манаурайтын? Айша əлгінде-ақ, сиыр сауарға шыққанда-ақ: – Тұр, киін, базаршылар кетіп қалатын болды, – деп ескертіп кеткен. Қорадағы қызыл сиырдың сүтін қақтап сауып қайтып кіргенде, мен əлі ұйқымды аша алмай мең-зең болып отыр едім, енді шайдай ашылды.