close

Ертегілер

: 3091

( 3.5 )
Автор: Бірнеше автор

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық пен Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі келіп жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: — Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, — депті. Жақсылық: — Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар. Сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер.