close

Жаңа өмірге мотивация

: 20882

( 3.61 )
Автор: Ергелді Есдәулет

Адам баласының үнемі жетіліп отыруы, алға жылжуы өте құптарлық іс. Алдына үлкен мақсат қойып, оған талпынуы адам өмірін баянды етеді. Асқақ арманмен өмір сүру ғұмырдың мәнін арттырады. Адамның діттеген мақсаты биік болған сайын аянбай тер төгіп, тынбай еңбек етуді қажет етеді. Аңсаған арманы алыс болған сайын сондай ерік-жігер, күш-қайрат керек. Адамның шынайы құны оның арман-мақсаттарымен анықталады.