close

Ай мен Айша

: 33164

( 3.73 )
Автор: Шерхан Мұртаза

Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш көргенін есіне сақтап қалатындар бар дейді. «Мен туғанда үйдің іші қып-қызыл еді», – деп айтыпты дейді біреулер. Білмеймін. Өз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық. Өйткені: Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет көрген-білгенімнен есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, бері үңілем, ештеңе таппаймын. Үш жас, төрт жас – бәрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Әйнек апам мені арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып әлгі түсіп