Кітап екі бөлімнен тұрады. 5-7 сынып екінші бөлімін оқиды. Таңғажайып оқиғалар мен қилы тағдырлар туралы қызықты романды әдебиет сүйер жалпы оқырман қызыға оқиды деп сенеміз.
1873 жылы 2 ақпанда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен 43°75 оңтүстік ендік пен 165°19 батыс бойлықта жүзіп жүрген. Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді бұл.