close

Бір атаның балалары

: 54934

( 3.47 )
Автор: Тұлға болам 3

Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс əні көпке мəлім. Тарихын естіген жұрттың бəрі көзіне жас алады. Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Əскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты... Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кəрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нəрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...