Волоколамск тас жолы (Ересек не студент)
: 22865
( 4.05 )
Автор: Александр Бек
Хикаяттар Панфилов атқыштар дивизиясы батальонының командирі, Совет Одағының Батыры аға лейтенант Бауыржан Момышұлының әңгімесі арқылы өрбиді. Әңгіменің негізгі кейіпкерлері – Панфилов дивизиясына қарасты батальон жауынгерлері. Батальонды Қазақ елінің перзенті Бауыржан Момышұлы басқарады. Жаяу әскер батальонын басқаруда тәжірибесі жоқ бұрынғы артиллерист Бауыржан үшін 1941 жыл нағыз әскери шеберлік мектебі болады. Оған өз солдаттарының тағдырын шешіп, жан-жақтан жиналған әралуан бұқараны тұтас организмге – соғысқа қабілетті ересен күшке біріктіріп, жұдырықтай жұмылдыруға тура келеді.