Ал, қане, бастайық! Айтып қояйын, әңгіменің соңында біз бұрынғыдан бетер көп білетін боламыз. Сонымен, ерте, ерте, ертеде трөл дейтін барып тұрған залымның залымы болыпты. Ол сайтанның өзі еді. Бірде оның шабыты тасып, шеберлігі артыпты да, ол барлық қайырым пен кереметтің бәрін аластап, бойына небір зұлымдық пен жексұрындықты барынша үстемелей әйгілейтін айна жасапты. Керемет көгал болса, әлгі айнадан қайнатылған саумалдықтай, ал сымбатты адамдардың түрі кемтар көрініп, болмаса аяқтары көктен келіп, қарынсыз белдері қылдай жарымжан да ұсқынсыз бола қалатын!