Мен Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын екі рет оқыдым. Бірінші мәрте соғыс кезінде, ал екінші рет – одан он жылдан кейін. Кітапты ұмытпаумен қатар, оны оқу кезіндегі бастан кешкен сезімді айрықша есте сақтау сирек кездеседі. Бірінші жолы ғана емес, екінші мәрте де. Мен сол әсерді есіме жақсы сақтаппын. Бұл кітапты алғаш рет оқығанда мірдің оғындай дәлдігі мен керемет түсініктілігіне қайран қалдым. Ол кезде әскери тілші едім, сондықтан соғысты білемін деп ойлайтынмын. Майдан кезеңіне дейін Бектің атын естімеппін,
- Мақсат кім болғың келеді? - Ғалым! Мен өскенде ғалым боламын! Мақсат шағын ауылда дүниеге келді. Бұл кезде ғылым дамып, технология шарықтау шегіне де жеткен. Барлық сала бойынша жаңалықтар ашылып, роботтар адамға қызмет ете бастады. Ауыр жұмыстың бəрін тек роботтар істейді.
Асыл əженің əңгімелері. Сөз қадірін білмеген... - Ай, ағасы! Айтасыз-ау сіз де! Жарайды, сөз тапқанға қолқа жоқ. Бұл істің де бір қайыры болар. Əкесінің əр сөзін қалт жібермей тыңдаса да, Саматтың бала санасының кей сөздерді қорытуға шамасы келер емес. «Не де болса есіме сақтап алайын. Кейін əжемнен сұрап алармын» деп жаңа сөздерді жаттап алуға бекінді. Тағы бірде əкесінің: -
Кітап екі бөлімнен тұрады. 5-7 сынып бірінші, ал 8-12 сынып екі бөлімін де оқиды. Таңғажайып оқиғалар мен қилы тағдырлар туралы қызықты романды әдебиет сүйер жалпы оқырман қызыға оқиды деп сенеміз.
Күдік пен үміт арпалысқан түн еді. Ол «Метрополь» мейманханасының ең жайлы люкс нөміріне орналасты. Емен ағаштан қиюласқан есіктегі арыстан бейнелі мыс тұтқадан бастап, кіреберістен төселген жұмсақ, қызылкүрең кілем, әр бөлмеде әшекейлі айналар, меймандар бөлмесіндегі аппақ пианиноға дейін, тек өте сыйлы, жоғары мәртебелі қонаққа ғана арналғанбыз дегендей тәкаппар, маңғаз сыңай танытады. «Метрополь» әрине, патша заманынан қалған мұра. Мұнда ол кезде, тек шетелдік миллионерлер, алпауыттар, Ресейдің қалың қалталы капиталистері ғана тоқтар еді. Қазір де мұнда көбінесе шетелдік елшілер, дипломаттар түседі.
«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақ-мансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші,
«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақмансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы,
Кiтаптағы басты кейiпкер - Сүлеймен өмiрде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкiмсiз атау - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебiр себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi – ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмiр бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкiмет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзiн Құдайдан басқаның бәрiнен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделi болған.
Көзі қарақты оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап, он сегіз мың ғаламның сардары болған ақырғы елші Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағылымға толы өмір жолынан сыр шерте отырып, Ислам тарихында орын алған ірілі-ұсақты оқиғалардың шынайы шындығын нақтылы деректермен бедерлеп, айшықтап берумен қатар, тарих көшіне ілесіп ғасырлар бойы өз биігіне шырқай түскен Ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары туралы ой-толғаныстарын да көркем тілмен баян етеді.