close
blog images

ДІН және БІЛІМ

( 0 )
?Христиандық пен шіркеу билігінің Орта ғасырдағы европа қоғамындағы беделі Батыс мәдениетінің дамуын тежеп, шөктірді. Кейінірек харистиандықты қоғамнан ысырып, шіркеудің ішіне қамау арқылы, мәдениет пен білім шапшаң дами бастады. Қазіргі модерн мәдениет өзінің қалыптасуы мен дамуында бір кездері мәдениетке тұсау болған «христиандық кедергіні» жою жолында қажыр-қайрат жұмсаған тұлғаларға қарыздар деуге болады. ⠀

?Міне, тарихтағы осы оқиғадан адамзат қоғамы қорытынды шығарып, мынадай қоғамдық пікір қалыптасты: «Дін мен мәдениеттің, білімнің арасында қайшылық бар. Дін бұл екеуін дамытпай тұсап тастайды». Бұл пікір бүкіл әлемде айрықша тарихи өлшем ретінде тарап кетті. Бірақ «Дін мәдениет пен білімді шектейді» деген тым жалпы үкім тек бір дінді (христиандық) зерттеу арқылы ғана жасалып, асығыс айтылған тұжырым.

?Тарихтағы бір ғана мысалды негізге алып, жалпы дінге баға беру әділетсіздік. Себебі бұлай тұтас дінге баға беру үшін жан-жақты зерттеу жүргізіп, объективті қорытынды шығару қажет. Алайда адамзаттың орта ғасырдағы христиандықтан көрген нәрселері тұтас дінге телініп жатыр. Бұл тұжырым соңғы 200 жылдағы барлық қоғамға дерлік қатты әсер еткені белгілі.

?Негізінде Ислам о бастан білімге шақыратын, кез келген пайдалы дүниеге ашық дін болуымен ерекшеленді. Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Мұхаммед Абдуһтың мына сөзі ой саларлық: «Европа дінді тәрк еткені үшні дамуға бет алды. Ал біз дінді тастағанымыз үшін кері кеттік».