close
blog images

ҚҰЛДЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

( 0 )
⚫Құран араб түбегіндегі надандыққа, қанау мен тонауға негізделген өмір түсінігінен тұратын қоғамда түсті. Надандық кезеңіндегі арабтардың жомарттық, қамқорына алған адамды жанын салып қорғау, қасиетті айларда соғыспау секілді ізгі саналатын бірқатар қасиеттері болғанымен, олардың бұл әрекеттерінің мотиві адамгершіліктен, адам құқын қорғаудан гөрі руының, тайпасының немесе өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау әрі биік ұстау жатқандығы айқын.

⚫Құран түскен кезеңнің өмір сүру шарттары, географиялық жағдайы толыққанды адам боп өмір сүру үшін айтарлықтай күшті болуды талап ететін кезең еді. Яғни, құқығыңды қорғау үшін құқылы болу жеткіліксіз, оған қоса күшті болуың керек.

⚫Пайғамбарлықтан бұрын Алла елшісі де өзі секілді ізгі ниетті бір топ адаммен бірігіп әлсіздердің құқын қорғау үшін құрған «Хилфул фудул» қоғамдық ұйымы оншалықты жемісті болмағаны белгілі.

⚫Себебі, қоғам күштіні ғана сыйлайтын, күштіден ғана ығатын. Әлсіздің дүниесін, тіпті әйелін де күштілер тартып алатын жағдайлар орын алған. Адамды бала-шағасымен қосып құлдыққа жегіп жіберетін болған.

⚫Халықтың жылдар бойы қалыптасқан өмір салтын өзгерту қиын әрі күрделі процес екені белгілі. Себебі, бұл айтарлықтай көп уақыт алатын жұмыс.

⚫Құран 23 жыл түсу кезеңінде мейлінше наданданған араб қоғамын жабайылықтан идеал әрі мәдениетті қоғамға айналдыра алды. Құран әлеуметтік жағдай-шарттарды міндетті түрде ескере отырып, қоғам қабылдай алатын дозада үкім түсірген. Мұны ғылымда Құранның «тәдриж» әдісі дейді.

⚫Жер бетінің халифасы ретінде жаратылған адам баласының мал секілді саудалануы, сыйлық ретінде тартылуы, мирас етіліп кісіден кісіге өтуі шынында Құран ақиқатына қайшы. Құран кейбір қылмыстардың өтемі ретінде құл азат етуді міндет етті. Осылайша адам бір жағынан жасаған қылмысы үшін Алланың кешіріміне ие болам деген үмітке ие болады, екінші жағынан құлдар осы мүмкіндік арқылы бостандыққа қол жеткізеді.