Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Өлгендер қайтып келмейді» атты жастық дәурені соғыс жылдарымен қабаттас болған ұрпақтың өмірі, тағдыры жайлы романы беріліп отыр.
Роман үш бөлімнен тұрады: автор әрқайсысын бірінші дәптер, екінші дәптер, үшінші дәптер деп саралаған. Әр дәптер өз ішінен шағын-шағын көріністерге бөлінген. Барлық оқиға шығарманың негізгі, басты қаһарманы – Еркін атынан баяндалады. Жақсылық, жамандық атаулыға Еркін көзімен баға беріледі. Дәлірек айтқанда, роман өзегі – Еркіннің бастан кешкендері, қалыптасып жетілу жолдары. Кітап барша оқырманға арналады.
Тамаша кітап. Балалық шағымда оқығаным бар. Есейген кезде тағы да қайталап алайын деп оқыдым. Әріп қателері көп кездеседі. Осыны бір реттеп қойса деген ұсынысым