?Ұлы күш иесінің шарапатты есімімен басталған қандайда бір амал, әрқандай себептермен осы өмірде нәтижеге жетпеген болса да, арғы өмірде иесін толассыз жақсылыққа кенелтеді.
Бисмиләнің пайдасын толық ұғыну үшін ардақты пайғамбарымыздың Алла атымен бастаған шариғатының, сүннетінің қияметке дейін жалғасуын мысал етсек те жеткілікті. Құдай Тағаланың есімімен басталған осынау қасиетті іс әлі күнге шартарапқа шарапатын шашып келеді.
⠀
?«Бисмилә» – Жаратушының барлық сипаттарынан жәрдем тілеу формуласы десе болады. Әр әрекетіміз дұғаға мұқтаж, ал «бисмилә» болса, барлық дұғалардың мағынасын қамтитын берекелі сый.
Алла Тағала барлық әрекетімізді осы бір қасиетті сөзбен бастауды бізге нәсіп етсін.
Бисмилләнің сыры
( 4.6 )
?«Бисмилә» – барлық жақсылық пен берекенің бастауы. «Бисмилә» – Алланың атымен деген мағынаны білдіреді. Жаратушының шарапатты есімімен басталған барлық амал берекеге толып, пайдасы осы дүниемен шектелмей, ақыретте жалғасын табады.