close
blog images

Басқа бәле тілден

( 3.64 )
? Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады. Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін». ⠀ ? Тіл адам баласына сөйлеу үшін берілген. Адамның томаға тұйық боп мүлдем сөйлемей қоюы да дұрыс емес. Себебі адам қоғамдасып өмір сүруге мұқтаж. Ал қоғам болуы үшін адамдар бірімен-бір араласуы, әсіресе сөйлесуі тиіс. Мысалы, дүкенге кіріп, заттардың бағасын сұрау, саудаласу немесе отбасында бала- шағасымен сөйлесу т.б.


? Алайда, мұнымен қатар тілдің адамға тигізер зияны да аз емес. Адам көп күнәні тілімен жасайды. Мысалы, ғайбат, өсек, өтірік айту; сөз тасу, кісінің көңілін қалдыру, ренжіту т.б.

? Пайдасыз көп сөйлейтін адамның сөзінің салмағы да кетеді, адамдарға кедергі жасауы мүмкін, немесе өз басына бәле тілеп алуы мүмкін. Тілдің зардаптарынан сақтанған сахаба Әбу Бәкір (р.а) әрдайым аузына тас салып жүретін еді. Басқа бәле тілден деген халық даналығы осыны меңзесе керек.
Алайда, кейде адамның үндемегеннен сөйлегені абзал кездері болады. Мысалы, адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю кезінде немесе ақиқатты түсіндіру кезінде, мұғалімнің оқушыларға білім беруі кезінде т.б.

? Қысқасы қайсыбір нәрсені, соның ішінде тілді қандайда бір пайдалы іске жаратпасаң, ол міндетті түрде жамандыққа яғни, бос сөз, бөстекі әңгімеге үйір бола бастайды. Алла елшісінің «Тілдерің зікірден құрғамасын» деуі де содан болса керек.

Пікірлер (3)

  • comment images
    17 сәуір, 2022 05:14:17

    Өте керемет айтылған 👍

  • comment images
    8 наурыз, 2022 13:36:42

    Керемет айтылған. "Тіл сүйексіз" деп бекер айтылмаган. Әрбір айтатын сөзімізді саралап айту керек.

  • comment images
    19 ақпан, 2022 03:45:07

    Адамдарға пайдасы тиеді деген ойдамын .