Айналамыздағы табиғатқа қарасақ, барлық жанды-жансыз тіршілік иелері адамға қызмет етуде. Тұтас тіршіліктің ортасында адам тұр. Тіпті кейбір жәндіктер адамға қызмет ету жолында өз өмірін құрбан етеді.
?«Бисмилә» – барлық жақсылық пен берекенің бастауы. «Бисмилә» – Алланың атымен деген мағынаны білдіреді. Жаратушының шарапатты есімімен басталған барлық амал берекеге толып, пайдасы осы дүниемен шектелмей, ақыретте жалғасын табады.