«Мәшөнің бастан кешкендері» – кішкентай оқырмандарға арналған қиял-ғажайыптан тұратын танымдық ертегі. Басты кейіпкер Мәшө көліктер арасында үлкен құпия болған ерекше жұма түніне қатты барғысы келеді. Оның арманы орындалар күні иесі Арман отбасымен Көлсайға ұзақ сапарға шығады. Мәшө жұма түніне бара алмағанына
«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақ-мансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі асқан шеберлікпен, әрі әсерлі бейнеленген.
Қолдарыңыздағы шығармада 1931-33 жылдары елімізді шарпыған ашаршылықтың қалай басталып, қалай белең алғаны, оның қасіреті мен зұлматы жұртты қалай ойраңдағаны кеңінен әрі болған қалпында ашық әңгімеленеді.
Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым – Қожа» атты оқырман қауым арасына кең тараған повесі еніп отыр. Онда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген. Кітап барша оқырманға арналады.
Кітапқа Абайдың «Адам бол – мал тап» қағидатына негізделген, адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмыс-бітімін, арабыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын «Еңбек – рух» атты монография мен қазақы дүниетанымның қайнарынан қанып ішкен ғұламалар (Ясауи, Бұқар жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкерім) шығармаларындағы Жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз-өзімен қарым-қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген.