Қызыл жебе 4
: 2160
( 4.38 )
Автор: Шерхан Мұртаза
Күдік пен үміт арпалысқан түн еді. Ол «Метрополь» мейманханасының ең жайлы люкс нөміріне орналасты. Емен ағаштан қиюласқан есіктегі арыстан бейнелі мыс тұтқадан бастап, кіреберістен төселген жұмсақ, қызылкүрең кілем, әр бөлмеде әшекейлі айналар, меймандар бөлмесіндегі аппақ пианиноға дейін, тек өте сыйлы, жоғары мәртебелі қонаққа ғана арналғанбыз дегендей тәкаппар, маңғаз сыңай танытады. «Метрополь» әрине, патша заманынан қалған мұра. Мұнда ол кезде, тек шетелдік миллионерлер, алпауыттар, Ресейдің қалың қалталы капиталистері ғана тоқтар еді. Қазір де мұнда көбінесе шетелдік елшілер, дипломаттар түседі.