close
blog images

Нағыз байлық

( 5 )
?Адам баласы өмір сүріп, өзіне тиісті міндеттерін атқаруы үшін оған аса қажет нәрсенің бірі – денсаулық. Ол бізге Жаратушы иемізден берілген үлкен сый, аманат. Оны дұрыс іске, игі мақсатта қолдану сіз бен біздің адамдық борышымыз.

?Осы орайда Міржақып Дулатовтың мына бір ғибратты әңгімесі ойға оралады:

?Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей екендігін айтып мұңын шағады. Онымен бірге оқыған қатарластарының көбі байып, кейбірі тіпті дүйім ел танитын әйгілі тұлғаға айналғанын, өзінің үнемі тарығып, тиын санап жүретінін айтады. Осы кезде ұстазы сөз алып:
– Кедеймін деймісің? Қалайша?! Сенің он екі мүшең сау, қол-аяғың аман. Кез келген жұмысты дөңгелетіп алып кететіндей күш-қуатың бар, – деді, – Мысалы сен мына қолыңды мың долларға берер ме едің?
– Құдай сақтасын! Қанша ақша ұсынса да сатпаймын қолымды!
– Мына жарық дүниенің әдемілігін көретін анау көздеріңді, дыбыс атаулыны естіп тұрған құлақтарыңды, қалаған жеріңе шауып бара салуға сеп болып тұрған аяқтарыңды қандай сомаға бағалар едің?
– Мен бұларды бар әлемнің байлығына да айырбастамаймын, – деді шәкірт. Осы кезде ұстазы:
– Енді, сен қалайша осынша байлыққа ие бола тұра, жарлымын, кедеймін дейсің? Неге сонша еңсең түседі? – деген екен.