close
blog images

Ашу – дұшпан

( 4.2 )
?Бірде бір кісі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу аләйһи уә сәлләмға келіп: ⠀ – Уа, Алланың расулы! Маған бір насихат айтыңызшы, соны өмір бойы жасап жүрейін. Бәлкім сол мені құтқарады, – деді. Сонда Алла елшісі:

–       Ашуланба! – деп қысқа қайырды. Жаңағы адам араға аз ғана уақыт салып тағы да насихат сұрады. Адамзаттың ардақтысы бұл жолы да:

–       Ашуланба! – деумен шектелді. Әлгі кісі қанша рет насихат сұраса да Алла елшісі оған: «Ашуланба!» деді.

?Жалпы ашу – әлсіздік. Адам ашуына ие бола алмағаннан көп игіліктен құр қалады. Көп қателеседі. Жиі сүрінеді. Ашуланған адам өзгелерге зиян тигізеді. Тіпті өзінің денсаулығына да қатер төндіреді.

?Құранда мұсылмандардың көптеген сипаттары айтылады. Соның бірі –  «Олар ашуын жұтатындар» деп келеді. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос» деген халық даналығы да адамға ашудың шын мәнінде дұшпан екенін еске салады. Ашуына ие болған адам жақсылыққа жетеді. Кім өз ашуын жеңсе, өзге қиындықтарды да жеңеді.