close
blog images

Рамазанға дайынсыз ба?

( 3.93 )
Оразаны алғаш ұстай бастаған күндері ағза қиналып, тыпыршиды. Уақыт өте келе соған көндіге бастайды. Тағы біршама уақыттан кейін одан рухани ләззат ала бастайды. Әдетте біз Рамазанның орта тұсында немесе соңына қарай оның рухани аурасын шынайы сезіне бастаймыз. Бірақ ол кезде Рамазан бітіп қалады. Сөйтіп Рамазанның бізге берер рухани сыйын толыққанды ала алмай жатамыз. ⠀ Сол үшін де Рамазанға дейінгі екі айдағы дайындық өте маңызды. Пайғамбарымыз мұны міндетті түрде жасайтын. Режеп айында оразаны, түнгі намазды жиілететін. Ал Шағбан айында тіпті үдететін. Міне, осы екі айда дайындық жасаған адам Рамазанның берер рухани қуатын анағұрлым толық ала алады. ⠀ Рамазаннан шыққанда біз қазіргіден кішкене болса да жақсырақ адамға айналып шығуымыз керек. Себебі, оразаның негізгі мәні сол – тақуалық. Ораза ұстау деген өзіңді ұстау деген сөз. ⠀ Адам опық жесе өзін қандайда бір нәрседе ұстай алмағаннан опық жейді. Құмарлығын ұстай алмағанан опық жейді. Айтпаса да болатын сөзді лақ еткізіп айтып салғаннан опық жейді. Ораза ерік жігерді басқаруды үйретеді. Оразаны шынайы түсініп ұстаған адамды ораза да ұстайды яғни, әрқандай жамандықтан тосады.