close

Отбасыдағы маңызды мен маңыздырақты қалай ажыратамыз? | Рауан Жұмабайұлы

( 0 )

Әр факультеттің өзіне тән өлшемдері мен деңгейлері болады. Осы орайда маңызды мен маңыздырақтың ара жігін жақсы ажырата білсек керемет болмақ. Отбасыда маңызсыз мәселе болмайды, барлығы маңызды, алайда бір қатынас белгілі жағдайда маңыздырақ дәрежесінде болуы қажет. Күйеу мен әйелдің өзара қатынасы ең маңыздылардың бірі, екеуінің арасы ең көркем күйде дамыса бала, туысқандар да жақсы болатыны анық. Тамыры жақсы жетілген ағаштың бұтақтары жақсы дамып, әдемі жеміс бергеніндей күйеу мен әйел гармонияда болса әулеттің жақсы болғаны.