Жұмыс берушілер бұл күні қол астындағыларға демалыс береді. Бұл атау қалай қалыптасты деген сұраққа қатысты алып-қашпа әңгімелер көп. Соның ішінде ең кең тараған және шындыққа жақын екі нұсқа бар:
⠀
?1. Алғыс айту күнінің ертесі жұмаға сәйкес келіп, бұл күн аптаның соңғы жұмыс күні болғандықтан адамдардың көбі жұмысқа келмей қоғамдық өмірде қиындық туғызған. Оның үстіне бұл күні ірі қалаларда жол кептелісі, ішіп алған адамдардың полиция қызметкерлеріне туғызған қолайсыздығы секілді жағдайлар осындай атаудың берілуіне себеп болды.
⠀
?2. Америкада Рождество мерекесіне орай берілетін демалыс өте ұзақ және бұл адамдар бір-біріне сыйлық сатып алатын, сауданың қызатын кезеңі. Сол сауда-саттық маусымының бейресми басталуы осы жұма күнінен басталып, жеңілдіктер науқаны жыл соңына дейін жалғасады. Бұрынғы америкалық саудагерлерде табысы минусқа кеткенде қызыл қаламмен, ал пайда көргенде қара қаламмен жазып белгілейтін дәстүр болған. Сол себепті Black Friday науқаны пайда әкелетін күн ретінде есте қалған. Ол науқан үздіксіз үш күнге жалғасып, келесі аптаның басын Cyber Monday деп атаған (қазақ тіліне аударсақ кибер дүйсенбі болады). Ірі сатушылардың (ритэйлер) бағаны жаппай төмендету науқаны осылай қалыптасқан.
⠀
PS: Тауар өндірушілерде ешкімнің діни сенімін немесе қасиетті ұғымын қорлау деген ниет жоқ. Оларда көп жағдайда комерциялық мүдде басым болады.
BLACK FRIDAY науқаны жұманы қаралау ма?
( 0 )
?АҚШ мәдениетінің бір бөлшегіне айналып кеткен Black Friday науқаны (біздікілер мұны «Қара жұма» деп аударып жүр) 1952 жылдан бастап ресми түрде кең қолданысқа ене бастады. Америкалықтардың Thanks giving яғни, «алғыс айту» күні қараша айының төртінші бейсенбісінде аталып өтеді. Ол күні Америка халқы Құдайға, айналасындағы жанашыр жандарға алғыс айтып, отбасы мүшелері бас қосып, күркетауық етін жейді.