close
blog images

«ТӘДРИЖ» ӘДІСІ

( 3.5 )
?Құран аяттарының кезең-кезеңімен 23 жылда түсірілгенін жақсы білеміз. Мұны ғылымда «тәдриж әдісі» дейді. Құранның бұлай түсуінің көптеген хикметтері бар. ⠀ ?Біріншіден, Құранның тұрақты әрі жүйелі түрде түсіп, 23 жылда толығымен тәмамдады мұсылмандарға бастаған істі жүйелі әрі соңына дейін тиянақты атқаруды үйретеді.

?Екіншіден, қоғамның иман деңгейін, діни сауаттылығын ескере отырып насихат жасаудың маңызды екенін аңғартады.

?Үшіншіден, әрбір жеке тұлғаның әлеуметтік статусына, психологиялық жағдайына байланысты және аймақтың геологиялық орнын ескере отырып үкім ұсыну. Былайша айтқанда, әр әрекетті хикметке негіздеу.