⚜️ Туыспен жақсы мәміледе болып, сыйласу ең сауабы мол қарекет. Тіпті мұндай игі істі еш қайтарым күтпей Құдай үшін жасаған адам үшін бұл құлшылық есебінде болады. Ал жақыныңмен байланысты үзу ауыр күнә саналады.
⠀
⚜️ Дегенмен, қазіргі кезде көпшілігіміз тіпті туысымыздың өзіне «Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес» деген принципті ұстанып, бізге пайдасы тиетін немесе жақын тартатын адамдармен ғана араласатынымыз жасырын емес.
⠀
⚜️ Ал пайғамбар Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләм өзіңмен ат құйрығын кесіскен туыстарға жақсылық жасап, қарым-қатынасты жақсартудың сауабы көп әрекет екендігін ескерткен.
ТУЫСЫ БІРДІҢ УЫСЫ БІР
( 1.8 )
⚜️ Ет жақын бауырлардың өзі арасы алшақтап, араға ай салып көріспей жүретін бұл заманда туыстық қатынас, ағайынмен араласу сынды жақсы дүниелер сиреп барады. Қазақы дүниетанымында ерекше орны бар бұл байланыс ислам дінінде де ерекше мәнге ие.