close
blog images

ОҚУ – ЕҢ ЖАҚСЫ ДАҒДЫ

( 1 )
?«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деген Құран аяты, санасы ояу әрбір адамға білу мен білмеудің, даму мен артта қалудың, даналық пен надандықтың арасындағы айырмашылықты өте керемет баяндаған. Ал білудің ең негізгі себептерінің бірі – кітап оқу. Себебі, кітаппен дос бола білген адам өмірде ешқашан, еш нәрседен ұтылмайды.

?Кітапты көп оқитын адам өмірдің мән-мазмұнын терең түсіну мүмкіндігін алады. Құранның уахи етілген ең алғашқы аяты да «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен Оқы!» деген пәрменде болды. Расында да біз Алла Тағаланың «Оқы!» деген осы бұйрығын орындамайынша, дамудың шыңына шыға алмасымыз анық.

?Ол үшін – Құранды, адамды, мына әлемді, әртүрлі ғылым салаларын терең оқып, зерттеуіміз қажет. Мұсылман жұртшылығының бүгінгі таңда артта қалуының да бір себебі осы. Біз кітап оқудан, идея қалыптастырудан, жаңалық ашудан кенжелеп қалдық.

?Кітап – үндемей ғана тәлім үйрететін ұстаз! Оқи келе кітаптың осы бір қасиеті бойыңызға сіңе бастайды. Одан кейін сіз, үндемей ғана жүріп, ісіңізді тындыра бересіз. Надандық құрсауынан құтыла алмаған біреудің ғайбаттауы, алдауы, қиянат жасауы сіздің санаңызды шаршатпайды. Өйткені сіздің таным көкжиегіңіз тым әріде жатыр. Өзгелер жете алмаған терең білім иесісіз. Ал бұл болса, әсіресе, қазіргі таңада үлкен қару әрі берік қамал. Бір сөзбен айтқанда кітаптың руханият пен санаға салар салмағы соншалықты, нәпсінің хайуани қалауларын түкке тұрғысыз етіп тастайды.
Алла Тағала жүрегімізге ілімге деген махаббат берсін!