– Сөзіңіздің мәнісін түсінбедім, ұстаз.
⠀
– Балам, аяғыңды мойныңа ас дегенім, жеміс ағашы секілді иіліп тұр дегенім. Ешқашан адамдарға мұрныңды шүйірме, жоғарыдан қарама. Кішіпейіл бол. Кішіпейілдік – көркем мінез атаулының басы. Топырақ секілді бол. Топырақ үстіне қанша қоқыс пен нәжіс төгілсе де, соның өзінде дәмі тіл үйіретін сантүрлі жеміс пен көкөніс өсіріп шығарады.
⠀
⚜️Мен жәннатқа апаратын көптеген жолды көрдім. Олардың бәрінде де кептеліс барын байқадым. Тек кішіпейілдік жолында адамдар аз екен. Біле білгенге кішіпейілдік – жәннатқа барар төте жол.
– Бұл жолда адам аз болуының сыры неде?
– Кез келген құлшылық адамға кішіпейілділікті сіңіруі керек. Алайда көп адамдар намаз оқи қалса, бейсаналы түрде намаз оқымайтындардың алдында тәкәппарланады, ораза ұстай қалса, ораза ұстай алмағандардан өзін жоғары санайды. Мұндай әрекет құлшылықтың негізгі мәнін түсінбеуден туады.
⠀
⚜️Сондықтан кішіпейілдікті серік етсең, жәннаттың аулы алыс емес. Әзіреті Пайғамбарымыздың мына сөзін есіңде сақта: «Адам көркем мінезбен кейде ораза ұстаушы мен намазға оқушының дәрежесіне жетеді».
Жәннатқа жетелер төте жол
( 3 )
⚜️Бірде жас шәкірт өзінің ұстазына былай деп сұрақ қояды: – Ұстаз, маған жәннатқа кірудің жолын айтсаңыз? Ең бірінші кезекте не істеуім керек? – Оның екі әдісі бар. – Ол қандай әдіс? – Әуелі сол аяғыңды мойныңа асасың, сонан соң оң аяғыңмен жәннатқа кіресің.